26 июня 2025г.

Прогнозы по паре EUR/USD


09

май

10-14 мамыр аралығындағы валюта болжамы
  • 09.05.2021 11:19

Өткен аптадағы болжам 90%- ке  орындалды – егер біз жоғары жақтан шектейтін резистанстың денгеиі 1,2100 ның шамасында болады деп едік, шындығында курс 1,2170- тен бірақ шықты. Анализ жасалғаннан кеиін белгілі болды – бұл толқынның потенциалы өте жоғары, осы айдың аяғына шейін курс біртіндеп өсе беруі мүмкін, бірақ әзірше бағаға толсқауыл болып тұрған осыған шеиінгі шың 1,2243-тен өту оңай болмайды. Сондықтан курс соған жетпей, шамамен 1,2220-1,2230 деңгеиінен қайтадан құлауы мүмкін. Менің оиымша астынан курсты тірейтін саппорт 1,2000 деңгеиінде орналасқан сияқты. Бірақ бұл оқиғалар айдың аяғына қарай болатын шығар.  

Читать

03

май

3-7 мамыр аралығындағы валюта болжамы
  • 03.05.2021 12:20

Өткен аптада евро, әйтеуір, курстың құлайтын күні болатынын көрсетті – 1,2150 шыңы осы статусында көпке шейін қалатын шығар. Осы аптада евроның курсы бірқалыпты жағдайда тұруы мүмкін, өйткені соңғы жұма күні валюта бір аптаның нормасын орындаған. Олай болса, осы аптаның басында валютаның курсы сол жұма күнгі құлаудың инерциямен ары қарай төмен түсуі мүмкін. Бірақ, құлау жолындағы мына 1,1960-1,1970 деңгейлерін бірден басып өту оңай емес, сондықтан, осы жерден жоғары қарай жаңа толқын пайда болып, мерзімнің аяғына қарай евроны қайтадан 1,2100 әкеіп тастуы ықтимал.     

Читать

27

апрель

26-30 апрель аралығындағы валюта болжамы
  • 27.04.2021 12:15

 Соңғы кезде евроның құйрығын ұстай алмай қалдық – 1,2008-1,2010 шамасында күткен едік, бірақ ол осы деңгейді аттап өтіп 1,2117 -ден бірақ шықты.  Енді осы шыңнан ақырын төмен құлдырауына деген сенім мол, әзірше валютаның төменге әкететін толқыны басталды айтуға дәлеліміз жоқ, бірақ евро жуық арада 1,1900 төмен түсуі әбден мүмкін. Сондықтан әзірше осы болжамның орындалун күтіп және нарықтағы бағаларды бақылай тұраиық.  

Читать

18

апрель

19-23 апрель аралығындағы валюта болжамы
  • 18.04.2021 08:31

Соңғы болжам евроның максимумы 1,1970 деп белгілген, бірақ шындығында валютаның шыңы 1,1995 болып шықты. Оның үстіне жұма күні курс күні боиы 1,1990-1,1995 тіреп тұрды, кішкене амплитудада ғана тербеліп – осының бәрі дүйсенбі күні евро жаңадан шың көрсетеді деген ойға әкеледі. Сондықтан, міне, демалыс күндері, осы тұжырымды тексеруге мәжбүр еткізді. Соңғы анализ жаңа максимумды болатынын растады, және оның шамасын 1,2008-1,2010 арасында деп көрстті. Олай болса, тіпті осы межеден кеиін бастаталын даунтренд алысқа кете алмайды, өткені курс өте биікке көтерілген, сондықтан әзірше 1,1800 томен кетуі мүмкін емес осы аптада.  

Читать

11

апрель

12-16 апрель аралығындағы валюта болжамы
  • 11.04.2021 09:54

Өткен аптаның болжамы сәтсіз болды, евро құлаудың орнына біршама қымбаттап кетті. Соның өзінде осы тұтқиыл толқын біздің ұзақ уақытқа жасалған болжамға кесірін тигізбейді. Өйткені жоспар боиынша евроның төмендегі нысанасы бұрынша - сол 1,1500 шамасынада. Әзірше, аптаның басында валюта әлі жоғары ұмтылып, 1,1938-48-ге шеиін, тіпті 1,1970 жетіп қалуы мүмкін. Содан кейін оқиғалар біз болжағандай, аптаның аяғына қарай біртіндеп құлай бастауға тиіс, бірақ уақыт өткен саиын құлаудың екпіні күшеиуге мүмкін.

Читать